Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі «ЦТТ «Евразия» индустриялық аймағының дамуымен танысты.
2024 жылы желтоқсан айының 20 күні, Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев іс-сапармен келді. Іскерлік кездесу барысында «Aqjaiyq «ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Е.Н. Досмақов, Батыс Қазақстан облысының индустриялық аймағымен таныстырды.
Бұл бағытта 4 инвестор қатыстырылды, сыртқы инфраструктураға қаражат бөлініп, газ, су жүргізілді. Ішкі инфраструктураға жобалық-сметалық құжаты жасалуда, сараптамасы шыққан соң қаржы бөлініп, 2025 жылы жарық жүргізу, жол салу жұмыстары атқарылатыны туралы айтты.
«Еуразия «трансшекаралық сауда орталығы» индустриялық аймағының қатысушыларының бірі болып табылатын «КАЗКОМСЕРВИС» ЖШС аяқталуға таяп қалған асфальтбетон зауытының құрылыс жұмысының барысын көрді. Аталған зауыттың құрылысы үшін 2023 жылы «Еуразия «трансшекаралық сауда орталығы» индустриялық аймағының аумағынан көлемі 50 га құрайтын жер учаскесі заңдастырып берілген. Өндіріс қуаттылығы сағатына 240 тонна. Сонымен қатар сыйымдылығы 4 мың тоннаны құрайтын битум қоймасын салу мақсатында инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.