Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz
17
Табысты
жұмыс
жылдары
"Aqjaiyq" ӘКК АҚ құру идеясы

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру идеясы мен бастамасын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда «Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында көтеріп, оны Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдаған болатын.

«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 «Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығымен құрылған болатын.

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметінің негізгі нысаны мемлекеттік және жеке секторлардың күш-қуаттарын біріктіру арқылы Батыс Қазақстан облысы экономикасының өркендеуіне септігін тигізу болып табылады.

БҚО жақсарту үшін біздің мақсаттарымыз

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ құру мақсаты
Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу;
Мемлекеттік және жеке секторды шоғырландыру арқылы кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Кластерлік тәсіл негізінде Бірыңғай экономикалық нарық құру;
Батыс Қазақстан облысына инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру;
Пайдалы қазбаларды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, өңдеу;
Өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
"Aqjaiyq" ӘКК " АҚ қызметінің негізгі қағидаттары

Қызмет Корпоративтік басқарудың транспарантты жүйесі қағидатына, жинақтылық қағидатына – экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдаумен және басымдық қағидатына негізделеді, бұл өңірдің әлеуметтік-маңызды мәселелерінің шешімдері көрсетілетін жобаларға артықшылық беруді білдіреді.

"Aqjaiyq"ӘКК АҚ міндеттері

"Aqjaiyq" ӘКК АҚ құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:

ҚР Үкіметі жанындағы ӘКК мәселелері жөніндегі Мамандандырылған кеңес ұсынбалары негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарларының, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі өңірлік даму стратегияларының тармақтарын ескере отырып, Компанияның көздеген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;

Өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;

Мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірісті өркендету;

Инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыру;

Бизнес-жобаларды, соның ішінде концессиялар мен кластерлік бастама негізінде жүзеге асыру;

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін институттық жағдайларды туғызу;

Мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы жұмылдыру арқылы өңірлерді екпінді дамытуды қамтамасыз ету;

Өңірлердің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық имиджін көтермелеу;

Кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;

Бизнес-жобалар қорын қалыптастыру, оларды қаржыландыру және жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызу.