Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жалпы ақпарат, білім
Төреғалиев Нариман 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Мансап
1990 – 1995 жылдары «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті;
1997 — 1999 жылға дейін — «Айтиево»өндірістік кешенінің бас бухгалтері, бас экономисі, жабдықтаушысы;
1999 — 2001 жылдары — «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы;
2001 — 2002 жылдары-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
2002 — 2003 жылға дейін — Орал қ. жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры;
2003 — 2005 жылға дейін — Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
2005 — 2008 жылға дейін — Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары;
2008 — 2010 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;
2010 — 2012 жылға дейін — Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2012 — 2015 жыл — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі;
2015 — 2016 жылға дейін — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2016 — 2017 жылға дейін — Орал әкімі;
2017 — 2022 жылғы желтоқсанға дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.