Акционерлік қоғам «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Орал» серіктес инвестормен бірге «Ел-Ырысы» базарының аумағында «Көтерме-тарату орталығын құру» жобасын сенімді басқаруға беру және оны кейіннен сатып алу құқығымен жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру
«Ел Ырысы» базарының аумағында көтерме-тарату орталығын құру
Сенімді басқаруға беру мерзімі 5 (бес) жыл, кейіннен сатып алу құқығымен, аванстық төлемді мүлік кешенінің бағалау құнының 20%-ын қамтамасыз ету арқылы. Қалған 80%-ы жыл сайынғы 5% мөлшеріндегі сыйақымен 5 (бес) жыл ішінде төленеді. Кешеннің нарықтық бағасы – 376,5 млн теңге.
Әлеуетті инвестордың міндеттері:
«Ел Ырысы» базарының аумағында көтерме-тарату орталығын құруды қамтамасыз ету, соның ішінде:
- Кешенді күтіп ұстау инвестор есебінен жүргізіледі. Инвестор коммуналдық (электр энергиясы, жылу жүйесі, сумен жабдықтау және т.б.), сондай-ақ, сенімді басқаруға берілген мүлікпен байланысты СПК басқа да міндетті төлемдерді (салық, жер салығы және т.б.) ҚР заңнамасына сәйкес өз уақытында төлеп тұрады.
- Көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға арналған әртүрлі камералар мен температуралық режимдерге ие заманауи қойма құру, қуаты кемінде 3 мың тонна.
- Көкөніс пен жемістерді сұрыптау, жуу, тазалау, орау.
- Жүктеу платформалары мен контейнер алаңдарын құру.
- Технологиялық процесте заманауи жабдықтарды қолдану.
- Инфрақұрылымды сақтау.
- Аумақты көркейту.
- Көтерме-тарату орталығының аумағында кіру жолдары мен жүк түсіру орындарын асфальттау, ірі жүк көліктеріне арналған тұрақпен қамтамасыз ету.
- Көтерме-тарату орталығының аумағындағы қолданыстағы әкімшілік ғимараттарға косметикалық жөндеу жасау.
- Халыққа өнімді ұсақ көтерме немесе бөлшек саудамен сату үшін сауда орындарын құруды қарастыру.
- Ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне көтерме-тарату орталығының жалпы пайдалы алаңының кемінде 30%-ын жеңілдетілген тарифтер бойынша нарықтағы ұқсас қызметтердің орташа бағасынан 30%-ға төмен бағада басымдықпен қамтамасыз ету. Орташа нарықтық баға ай сайын арнайы құрылған комиссия (қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» ҰКП және т.б. қатысуымен) талдау нәтижелері бойынша анықталады, кемінде Орал қаласының 3 негізгі нарықтарына талдау жүргізу арқылы.
«СПК Орал» АҚ міндеттері:
- Тауар интервенциясы кезінде тұрақты қордың тауарларын көтерме-тарату орталығы аумағында сату;
- Тұрақты қор тауарларын сақтау қажет болған жағдайда, қойма ғимараттарын бірінші кезекте пайдалану мүмкіндігін қарастыру;
- Баға тұрақтандыру механизмі аясында бөлінген қаражаттарды алу субъектісі ретінде көтерме-тарату орталығын қарастыру.
Орал қаласы әкімдігінің қолдауы:
Базар жанында аялдамамен қалалық және аудандық бағыттарды ұйымдастыру (автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасымен бірлесіп).
Толық ақпарат үшін «СПК Орал» АҚ-ға келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Орал қ., Чагано-Набережная көшесі 84, 2 қабат.
тел. +7 (7112) 24-59-47
e-mail: spk-oral@mail.ru
info@oral-spk.kz