Әлеуетті инвесторлар назарына!!!
«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ «Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры» ЖШС-дегі 90% үлесті (құны 311 774 766,3 теңге) сату арқылы «Ел-Ырысы» базары аумағында көтерме-тарату орталығын құру жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті инвестициялық серіктесті іздеу туралы хабарлайды.
Көтерме-тарату орталығын «Ел-Ырысы» базары аумағында құру үшін әлеуетті инвесторға қойылатын талаптар:
- Көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған әртүрлі камералар мен температуралық режимдері бар заманауи қойма, сыйымдылығы кемінде 3 мың тонна құру.
- Көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жуу, тазалау, орау.
- Тиеу платформалары мен контейнерлік алаңдарды құру.
- Технологиялық процесте заманауи жабдықтарды қолдану.
- Инфрақұрылымды сақтау.
- Аумағын абаттандыру.
- Көтерме-тарату орталығының аумағындағы кіреберіс жолдар мен түсіру орындарын асфальттау, ауыр жүк машиналарына арналған автотұрақпен жабдықтау.
- Көтерме-тарату орталығы аумағындағы қолданыстағы әкімшілік ғимараттарды косметикалық жөндеу.
- Тұрғындарға тауарларды ұсақ көтерме немесе бөлшек сауда партияларымен сату үшін сауда орындарын құруды қамтамасыз ету.
- Көтерме-тарату орталығының жалпы пайдалы алаңының кемінде 30%-ын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нарықтағы ұқсас қызметтер бағасынан 50% төмен жеңілдік тарифтері бойынша басымдықпен беру. Орташа нарықтық баға арнайы құрылған комиссия (қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП-ның және т.б. қатысуымен) ай сайын үш негізгі базардың тарифтеріне талдау жүргізу арқылы анықталады.
- «БҚО тұрақтандыру қоры» ЖШС-нің қолданыстағы штатын 90%-ға дейін бір жарым жыл ішінде сақтау.*
*(Осы хабарландыру жария оферта болып табылмайды және «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ уәкілетті органымен бекітілгенге дейін шарт жасасуға жауапкершілік көтермейді.)
Толық ақпарат алу үшін «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ-ға келесі мекенжай бойынша хабарласыңыз:
Орал қаласы, Шаған жағалауы, 84, 2-қабат.
тел. +7 (7112) 93 37 68
E-mail: info@aqjaiyq-spk.kz